26.08.2024 | 18:01

ҚАЗАҚСТАН ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2-ОРЫН АЛДЫ

Задар қаласында (Хорватия) джиу-джитсудан Әлем Кубогы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Дүбірлі додада қазақстандық споршылар 6 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдені еншілеп, жалпыкомандалық есепте 2-ші сатыға жайғасты. Израиль командасы көш бастаса, үздік үштікті украиналықтар түйіндеді.

Қазақстан құрамасының нәтижесі келесідей:

Алтын

Нұржан Батырбеков (69кг)

Әлинұр Қуатұлы (69кг)

Батыр Теңізбай (62кг)

Ерназ Мырзабеков (56кг)

Әли Иманвердиев (77кг)

Жібек Құлымбетова (48кг)

Күміс

Галина Дуванова (57 кг)

Қола

Ажар Салықова (63 кг)

Айта кетейік, бұл жарысқа 25 елден 400 қатысушы бақ сынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес