29.09.2023 | 17:49

Қазақстан ерлер құрамасы – ХІХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы ХІХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов квартеті сары құрлықтың басты айқасында Жапония құрамасына 36-35 есебімен есе жіберді.

Есеп 31-31 болып тұрғанда шешуші дуэльде Эльмир Әлімжанов пен жекелей сынның жеңімпазы Коки Кано шеберлік байқасты. Шиеленіске толық бұл айқас та тең аяқталды (35-35). Ал қосымша уақытта жапониялық спортшы нәтижелі соққы жасап, құрамасына жеңіс сыйлады.

Қазақстанның құрамасы ертеректе іріктеуде Моңғолиядан (45-12), ширек финалда Въетнамнан (45-26), ал жартылай финалда Гонконг құрамасынан 45-30 есебімен басым түскен.

Айта кетейік, Жапония алдыңғы Джакартадағы Азия ойындарының жеңімпазы, ал Қазақстан қола жүлдеге ие болған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес