21.06.2026 | 13:03
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН КАРАТЭДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ҮЗДІК ҮШТІКТЕ АЯҚТАДЫ
Бүгін Индонезияның Бали аралында WKF каратэден ересектер арасындағы XXII Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан командасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады.
Біздің жүлдегерлер:
Алтын – Жоламан Биғабыл (-55 кг), Олжас Алтынбек (-67 кг)
Күміс – Әсел Қанай (-61 кг), Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
Қола – Бэлла Самашева (-55 кг), Дайяна Даренская (-68 кг), Никита Тарнакин (-84 кг)
Жалпыкомандалық есеп:
1. Жапония (5 алтын, 3 күміс, 5 қола)
2. Иран (3 алтын, 1 күміс, 5 қола)
3. Қазақстан (2 алтын, 2 күміс, 3 қола)
4. Иордания (2 алтын, 2 күміс)
5. Сауд Арабиясы (1 алтын, 2 күміс, 1 қола)
Биылғы чемпионатқа құрлықтағы 33 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысты. Бұл жарыс Қазақстан командасы үшін күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың негізгі кезеңі саналады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық