25.02.2024 | 12:23

Қазақстан Хайденхаймдегі Әлем Кубогын 5-орында аяқтады

Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден Әлем Кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы (Ерлік Сертай, Елмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов) 5-орыннан көрініп, 14 ұпайға ие болды.

Жарыс жолындағы көрсеткіш:

1/16 финал

Қазақстан – Швеция 45:36

1/8 финал

Қазақстан – Испания 45:43

Испания — 2014 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.

Ширек финал

Қазақстан – Мажарстан 28:45

Рейтингтегі көшбасшыларының бірі саналатын Мажарстан сапында әлем чемпиондары Мате Кох пен Гергей Шикло өнер көрсетеді.

5-8-орын үшін сайыс

Қазақстан – Чехия 45:33

5-8-орын үшін сайыс

Қазақстан – Украина 45:34

Енді Әлем Кубогының шешуші кезеңі 24 наурыз күні Тбилисиде (Грузия) өтеді. Сәуір айының басында әлемдік рейтинг (50 мемлекет) бойынша бастапқы 24 команда Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады.

Әлем рейтингі:

1.Италия — 349 ұпай

2️.Франция — 321 ұпай

3️.Венгрия — 292 ұпай

4️.Жапония — 278 ұпай

5️.Венесуэла — 278 ұпай

6️.Қазақстан — 264 ұпай

Естеріңізде болса, 2023 жылы Түркияда өткен алғашқы Әлем Кубогының кезеңінде Ұлттық құрама тарихи алтынға қол жеткізген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес