08.10.2023 | 09:52

Қазақстан көркем жүзуден командалық сайыста қола медаль алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының соңғы жарыс күні Ұлттық құрама спортшылары қола медальге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Көркем жүзуден Ұлттық құрама 663.7417 балл жинап, қола жүлдеге қол созды. Бұл сында Қытай 868.9676 ұпай жинап, алтыннан алқа тақса, Жапония (831.2535) екінші орынға тұрақтады.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 79 медаль бар. Оның 10-ы алтын, 21-і күміс, 48-і қола.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес