18.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан нысана көздеуден XV Азия чемпионатында 6 медальге ие болды
Бүгін Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Ирина Юнусметова мен Валерий Рахимжан жұбы 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде 2-орын алды. Бұл біздің мергендердің осы сары құрлық бәсекесіндегі 6-жүлдесі.
Осыған дейін винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола медаль жеңіп алған. Ал командалар арасындағы сайыста еліміздің ерлер құрамасы күміс, әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды. Оның алдында Константин Малиновский мен Александра Ле жекелей бағдарламада үздік үштікті түйіндеген.
Биыл Азиядағы 25 елдің 285 таңдаулы мергені жаңа рейтинг түзу жүйесі бойынша сынға түсті.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ