16.07.2026 | 14:36
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ТАЕКВОНДОДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2-ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Оңтүстік Кореяның Чунчон қаласында өтіп жатқан таеквондодан командалық әлем кубогында Қазақстан тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аралас командалық сайыста (микст) Қазақстан командасы 3-орыннан көрінді. Қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде біздің спортшылар Таиландты 2:1 есебімен жеңді.
Осы нәтиженің арқасында Қазақстан командасы жыл аяғында өтетін командалық әлем кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Бүгін даянгқа шыққан отандастарымыз – Әнуар Мұхаметкаримов, Аида Тәукенова, Батырхан Кусетов, Аружан Найманбаева, Абдурахмон Марипов. Командаға жетекшілік еткен бапкерлері – Болат Райбек, Айнұр Асабаева.
Осыған дейін Қазақстан ерлер командасы жарыста күміс жүлдеге қол жеткізген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: