23.02.2024 | 13:44

Қазақстан өз алаңында Үндістанмен ойнайды

Бүгін баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия Кубогының іріктеу кезеңін өз алаңында Үндістанмен болатын ойынмен бастайды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Матч елордадағы республикалық «Сарыарқа» велотрегінің аренасында сағат 20:00-де басталады. «Дала қасқырлары» 15 ақпаннан бастап бас қалада дайындығын пысықтады. Үндістан және 26 ақпанда түзде Қатармен болатын ойынға шақырту алған ойыншылар тізімі мынадай:

10 - Рустам Мурзагалиев – ПБК «Астана»

1 - Олег Балашов - БК «Иркут Россия»

5 - Шаим Куанов – БК «Тобол»

8 - Владимир Иванов – БК «Барсы Атырау»

9 - Вадим Щербак – ПБК «Астана»

11 - Антон Быков – БК «Тобол»

21 - Роман Марчук – ПБК «Астана»

23 - Роберт Пан – БК «Ирбис»

24 - Дмитрий Гаврилов – ПБК «Астана»

25 - Максим Марчук – ПБК «Астана»

26 - Даниил Севергин – БК «Алматинский Легион»

33 - Станислав Сахипов – БК «Алматинский Легион»

47 - Руслан Айткали – ПБК «Астана»

55 - Аскар Майдекин – ПБК «Астана

76 - Александр Оразбеков – БК «Астана Академия».

Осы тұста ақпан айынан бастап Ұлттық құраманың бас бапкері ауысып, бұл лауазымға Евгений Овсянников тағайындалғанын айта кетейік. Евгений Овсянников 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Осыған дейін ол «Динамо Новосибирск» командасында екінші бапкер, кейіннен бас бапкер болған.

Жанкүйерлер билеттерді тек ZAKAZBILETOV.KZ cайтынан сатып ала алады. Сондай-ақ ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, іріктеудегі Е тобында Қазақстан, Үндістан, Иран және Қатар бар. Үшінші турда Ұлттық құрама Иранмен (22 қараша) және Үндістанмен түзде (25 қараша) шеберлік байқасады. Ал келесі жылы өз алаңында Қатар (21 ақпан) мен Иранды (24 ақпан) қабылдап, іріктеуді аяқтайды.

Сары құрлықтағы 24 ел Азия Кубогының ақтық кезеңіне берілер 16 жолдаманы сарапқа салады. Алты топтан 1 және 2-орын алған құрама тікелей жолдамаға қол жеткізсе, әр топта 3-орын алған елдің бас командасы қалған 4 «билетке» иелік ету үшін сынға түседі.

Басты бәсеке 2025 жылғы 5-17 наурыз аралығында Сауд Арабиясында, Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Жидда қаласында өтеді. Корольдік осыған дейін 1997 жылы Азия Кубогының финалын қабылдаған. 2022 жылы Джакартада өткен кубоктың иегері – Аустралия құрамасы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес