20.07.2026 | 16:53

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ СУҒА СЕКІРУДЕН ЖАЛПЫ 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Таиланд астанасы Бангкок қаласында суға секіруден 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыстың соңғы күні В тобында (ұлдар мен қыздар) үш метрлік тұғырдан секіру сайысында Александр Подлесный 347,45 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды. Алтын медаль малайзиялық Росхаришам Арифке (373,45 ұпай) бұйырса, жапониялық Рюи Чаки қола жүлдеге ие болды. Бұл бағдарлама бойынша барлығы 14 спортшы бақ сынады.

Кешкі бағдарламада А жас санатындағы спортшылар гранд-финалда медальдар үшін сынға түсті. Бұл жарыста Эмиль Касимов қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы суға секіруден жалпы 6 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 2 қола. Команданың үздік спортшысы Александр Подлесный болды. Оның еншісінде бір алтын және екі күміс медаль бар. Эмиль Касимов бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Илларион Авченко күміс, ал Тимур Гассюль қола медаль иеленді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес