15.09.2024 | 20:38
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЗАГРЕБТЕГІ ТУРНИРДІ 2-ОРЫНМЕН АЯҚТАДЫ
Бүгін Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан дзюдодан Гран-при бәсекесінде тағы бір отандасымыз татамиге шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында аса ауыр салмақтағы (+78 кг) Ақерке Рамазанова алғашқы айналымда жарыс қожайыны Марселина Враньесті жықты. Алайда Ұлттық құрама спортшысы ширек финалда француз Корали Хэймнен ұтылып қалды. Ал жұбаныш белдесуінде аустриялық дзюдошы Мария Хэллварттан айқасында асыра алған жоқ.
Жалпы Қазақстан құрамасы Загребтегі турнирде 2 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте Жапониядан (3 алтын, 1 қола) кейінгі 2-орынға табан тіреді.
Бірінші жарыс күні Шерзод Давлатов (60 кг) пен Жанарыс Рахметқали (66 кг) алтыннан алқа тақты. Ал Ғалия Тынбаева (48 кг) финалда қарсыласы Кого Ваканаға есе жіберген. Бұл жарысқа 40 мемлекеттен 320 татами шебері жиналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАЛҒАТ ОРЫНБАСАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ ЖҮЛДЕ АЛДЫ
АҚТАУДА ДЗЮДОДАН ЕРЛЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА АЗИЯ КУБОГЫ ӨТЕДІ
GRAND SLAM: АБУ-ДАБИДЕ 13 ДЗЮДОШЫМЫЗ СЫНҒА ТҮСЕДІ