07.04.2024 | 14:28

Қазақстан құрамасы Әлем Кубогында топ жарды

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Акробатикалық бағдарламада біздің спортшылар жарыс қожайыны Қытай құрамасынан да көп балл алды. Біздің команда 2 күн бұрын техникалық сайыста қолаға ие болған.

1. Қазақстан (213.7801). Команда сапындағылар – Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлетцова, Жвклин Якимова, Жәния Жиенғазы, Ксения Макарова;

2. Қытай (205.0300 балл)

3. Аустралия (196.6266 балл)

Бұл Ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы 5-жүлдесі. Сәл ертеректе Виктор Друзин мен Анна Павлецова аралас жұптық сынның еркін бағдарламасында күміс жүлдеге қол жеткізген. Қазір еншімізде 1 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль бар. Қытайдағы Әлем Кубогының кезеңі осымен аяқталды.

Сурет: Халықаралық су спорты түрлері федерациясынан.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес