13.11.2022 | invalid

Қазақстан құрамасы Ибраһим Мұстафа турнирінде 1-орын алды

Бүгін Мысырдың Александрия қаласында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған XXXIII халықаралық турнир аяқталды. Биыл Қазақстан құрамасы алғаш рет балуандарын оның ішінде тек грек-рим күресінің шеберлерін аттандырды. Сәтін салып Серік Жұмашев шәкірттері жалпы есепте топ жарды.

Дастан Зарлыханов (63 кг), Сұлтан Әсетұлы (67 кг), Демеу Жадыраев (77 кг), Мирас Баршылыков (82 кг), Антон Савенко (130 кг) өз салмағында чемпион атанды. Ал Марлан Мұқашев (55 кг), Ернұр Фидахметов (60 кг), Ерасыл Нұрбосынов (72 кг), Мансұр Шадукаев финалда қарсыласынан жеңілді.

Қола жүлдегерлер: Ернар Фидахметов (60 кг), Абылайхан Әмзеев, Дінмұхаммед Қошқар, Данияр Қаленов (72 кг), Бақдәулет Азамат (87 кг), Юсуф Мациев, Жантас Нұрғали  (97 кг).

Жалпы есепте 2-орынға жарыс қожайыны Мысыр ие болса, Ирак балуандары үшінші сатыға жайғасты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес