07.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы каратэден Әлем чемпионатында топ жарды
4-5 маусым аралығында Испанияның Валенсия қаласында халықаралық каратэ федерациясының (IFK) ұйымдастыруымен VI Әлем чемпионаты өтті.
Переней түбегіне 39 мемлекеттен 465 татами шебері жиналды. Осы орайда Қазақстан ең көп каратэші (85 спортшы) апарғанын айта кету керек. Екінші орында жарыс қожайыны – Испания (82 спортшы), үшінші – Болгария (34), төртінші – Нидерланд (22), бестікті Украина (16) түйіндеді.
Санды сапаға айналдыра білген Қазақстан каратэшілері 17 алтын, 17 күміс және 14 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алды. Біздің құрама бұған мұндай жетістікке қол жеткізбеген. Екінші сатыға 3 алтын, 3 күміс және 2 қоламен Болгария құрамасы тұрақтаса, Швеция (3 алтын, 2 күміс, 1 қола) үздік үштікті түйіндеді.
Байрақты бәсекеде сәтті өнер көрсеткен Ұлттық құрама ертең таңертең Нұр-Сұлтан қаласына келеді. Айта кетейік Испаниядағы бәсекеге 14 жастан асқан кумите шеберлері қатысты. 16-18 жас аралығындағы каратэшілерде 6-кю (көк белбеу), одан үлкендерде 8-кю (сары белбеу) болуы керек. Ал өзге ұйымдағы спортшылар қатысатын болса, кемі 2 жылдан бері жарыстарға қатысып келе жатқанын растауы қажет.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: