09.11.2022 | invalid

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден XV Азия чемпионатын бетке алды

Бүгін Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионаты басталды. Сары құрлықтағы 25 елдің 285 таңдаушы мергені 19 қарашаға дейін биылдан бастап енгізілген жаңа рейтинг түзу жүйесі бойынша сынға түседі.

Ел намысын қорғайтын спортшылар:

Винтовка – Ислам Усейнов (ISSF рейтингінде 7-орында), Константин Малиновский, Илья Федин, Арина Алтухова, Елизавета Безрукова, Александра Ле, Елизавета Григорьева, Софья Малкина, София Шульженко, Никита Шахторин, Алина Баярстанова;

Тапанша – Ирина Юнусметова (ISSF рейтингінде 11-орында), Валерий Рахимжан, Эльдар Иманқұлов, Максим Мазепа, Сәуле Әлімбек, Ольга Аксёнова, Никита Чирюкин;

Қазақстандықтар ересектер (12 спортшы), 21 жасқа дейінгі спортшылар, яғни жастар (5 спортшы) мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (1 спортшы) арасында споршы апарады.

Бәсекеде жалпы 4 жекелей, 4 командалық сайыс пен 2 аралас жұп арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес