02.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан басым түсті
Қытайдың Чэнду қаласында үстел теннисінен командалық Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 2-топқа түскен Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев пен Денис Жолудев қарсылас сапындағы Абдулазиз Анорбоев, Шохрух Искандаров, Эльмурод Холиковты жеңді.
Кирилл Герасименко – Шохрух Искандаров 3:0 (11:2, 11:6, 11:8)
Алан Құрманғалиев – Эльмурод Холиков 3:0 (11:5, 11:2, 12:10)
Денис Жолудев – Абдулазиз Анорбоев 3:0 (11:6, 11:6, 11:8).
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Франция мен Германияға есе жіберген еді. Енді ертең біздің теннисшілер Үндістан құрамасымен ойнайды. Ұлттық құрама қазір Франциядан кейінгі 2-орында тұр.
Әлем чемпионаты жайлы
Бұл үстел теннисінен өтіп жатқан 56-шы Әлем чемпионаты. Алғаш рет 1926 жылы Лондонда ұйымдастырылған. Ал 1957 жылдан бастап 2 жылда бір рет өтеді. Командалық әлем чемпионаты 2000 жылдан бастап бөлек бәсекеге айналды.
Қытайдағы чемпионат 36 елден келген 60 команданың басын қосты. Бұл дегеніңіз, таңдаулы 250-ден астам ойыншы. Жеңіске жеткен ерлер құрамасы Суэйтлинг Кубогын, әйелдер құрамасы Корбийон Кубогына ие болады.
Чемпионаттың плей-офф матчтары 5 қазанда басталады. Финал 8-9 қазанға (әйелдер, сосын ерлер) жоспарланған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҮСТЕЛ ТЕННИСІ: 50 ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАЙТАЛАНҒАН СИРЕК ЖАЙТ