05.09.2023 | 19:27
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы Польшадағы әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатына аттанды
5-12 қыркүйек аралығында Польшаның Быдгощ қаласында әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің тоғызыншы командалық әлем чемпионаты өтеді. Чемпионатқа Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі 2439), Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі 2162), Ксения Балабаева (ФИДЕ рейтингі 2111), Алуа Нұрманова (ФИДЕ рейтингі 2170), Әсел Серікбай (ФИДЕ рейтингі 2120) және Әмина Қайырбекова (ФИДЕ рейтингі 1985) жиналған мықты құрама аттанды. Делегацияны тәжірибелі бапкерлер – Павел Коцур мен Александр Моисеенко бастап барды.
Турнирге екі топқа бөлінген алты қатысушыдан тұратын 12 команда қатысады. Қазақстан әйелдер құрамасы А пулында өнер көрсетеді. Онда Грузия, Үндістан, Франция, Украина және Мысыр шахматшылары бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ