04.09.2023 | 11:57

Қазақстан құрамасы ширек финалда

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында үстел теннисінен ХХVI Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Еліміздің Ұлттық құрамасы командалық сында сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды. Команда сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Владислав Захаров, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Зәуреш Акашева, Ангелина Романовская бар.

Біздің аруларымыз Бангладеш (3:0), Непал (3:0), Өзбекстан (3:0), ал ерлеріміз Непал (3:0), Бангладеш (3:0), Қырғызстан (3:0), Таиланд (3:2) құрамасынан басым түсті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес