23.01.2023 | 10:16

Қазақстан құрамасы стенд атудан Әлем Кубогында 2-жүлдеге қол жеткізді

Бүгін Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан стенд атудан Әлем Кубогінің соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. Трап түрінен Қазақстан әйелдер құрамасы финалға шығып, тартысты бәсекеде АҚШ-қа есе жіберді. Есеп: 0-6. Ұлттық құрама намысын Айжан Досмағамбетова, Мария Дмитриенко мен Анастасия Прилепина қорғады. Ал қарсылас сапында Джулия Столлингс, Эйриел Скиннер мен Рэйчел Тозиер болды. Ал қола медаль Кувейтке бұйырды (Хаджар Абдулмәлік, Сара Аль-Хаваль, Шахад Аль-Хаваль).

Ерлер арасында Хорватия топ жарса, Португалия күміс, АҚШ қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын скит түрінде Қазақстан әйелдер құрамасы (Әсем Орынбай, Адель Садақбаева, Зоя Кравченко) финалда АҚШ-ты жеңіп, жеңімпаз атанған. Осымен Рабат қаласындағы дода аяқталды. Қазақстан 1 алтын, 1 күміспен жалпы есепте таңдаулы құрамалардың қатарына кірді. Көш басында жекедара АҚШ мергендері тұр. 

Халықаралық нысана көздеу федерациясының келесі Әлем Кубогі винтовка мен тапаншадан атудан 28 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтеді. Одан кейінгі Әлем Кубогінің кестесі мынандай: 

17-24 ақпан, Мысыр астанасы Каир (винтовка мен тапанша);

4-13 наурыз, Катар астанасы Доха (стенд ату);

20-31 наурыз, Қытайдың Чэнду қаласы (винтовка мен тапанша);

25 наурыз бен 6 сәуір, Кипрдің Ларнака қаласы (стенд ату);

11-22 сәуір, Перу астанасы Лима (винтовка мен тапанша);

25 сәуірмен 6 мамыр, Мысыр астанасы Каир (стенд ату);

4-15 мамыр, Әзірбайжан астанасы Баку (винтовка мен тапанша);

20-31 мамыр, Қазақстанның Алматы қаласы (стенд ату);

6-17 шілде, Италияның Лонато қаласы (стенд ату);

8-19 қыркүйек, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласы (винтовка мен тапанша);

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес