23.06.2026 | 17:03

ҚАЗАҚСТАН СЕМСЕРЛЕСУДЕН ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫН ҰТЫП, АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

Семсерлесуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан сары құрлық додасының кезекті күнінде сапы сайысынан ерлер арасындағы командалық жарыстың жүлдесі сарапқа салынды.

Ақтық сында Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходовтан құралған командамыз өзінің бітіспес қарсыласы саналатын Жапониямен сынға түсіп, 45:40 есебімен жеңіске жетті.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Ираннан (45:27), ширек финалда Өзбекстаннан (45:37), жартылай финалда Оңтүстік Кореядан (45:33) басым түскен.

Айта кетейік, Қазақстан мен Жапония құрамасы 4 жыл қатарынан Азия чемпионатының финалында өзара мықтыны анықтады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес