23.06.2026 | 20:09

ҚАЗАҚСТАН ТАЕКВОНДОДАН АЛТАЙ ОДАҒЫ ЧЕМПИОНАТЫНДА 48 ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен таеквондодан Алтай Одағы чемпионаты аяқталды.

Жарыстың екінші күнінде жастар санатындағы спортшылар бақ сынады. Қазақстан құрамасы 18 салмақ дәрежесінде 5 алтын, 8 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, ел қоржыны жастар арасындағы бәсекеде 30 жүлдемен толықты.

Қазақстан құрамасы сапынан Юсуф Анвар-Әлиев (-48 кг), Буняд Бахрамқұлов (-55 кг), Павел Ем (-63 кг), Алидар Абдукаримов (-68 кг) және Айым Серікбаева (-46 кг) жеңімпаз атанды.

Күміс жүлдені Сағи Мадиұлы (-48 кг), Маржан Нұржанова (-42 кг), Шахризода Акрамова (-44 кг), Алина Исаева (-55 кг), Жаншуақ Налыбай (-59 кг), Анета Романенко (-63 кг), Аделя Каримова (-68 кг) және Сабина Тұртулова (+68 кг) жеңіп алды.

Қола жүлдегерлер қатарынан Бағдат Аманкелді (-45 кг), Хусан Жалолитдинов (-48 кг), Баходир Еркінов (-55 кг), Алинұр Еркін (-59 кг), Әлихан Әлішер (-59 кг), Ибрахим Хамза Хасаноғлу (-63 кг), Әлихан Өмірәлі (-63 кг), Нұрсат Құттыбай (-68 кг), Фарит Мажитов (-73 кг), Жантөре Сағынғали (-78 кг), Кирилл Бродяной (+78 кг), Милана Калашникова (-42 кг), Рухшона Азимханова (-52 кг), Зере Қажымұхан (-52 кг), Эвелина Абдрассулова (-59 кг), Аима Радик (-63 кг) және Аяна Жетес (+68 кг) көрінді.

Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде ересектер 4 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль жеңіп алған. Осылайша, Қазақстан спортшылары Алтай Одағы чемпионатында 48 жүлде (9 алтын) иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Түркия командасы 10 алтынмен бірінші орын алса, Ресей құрамасы 8 алтынмен үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетейік, 25–27 маусым аралығында жастар, жасөспірімдер және ересектер арасында Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік турнирі өтеді. Жарысты Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы қабылдайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес