21.04.2026 | 21:07

ҚАЗАҚСТАН ВЕЛОШАБАНДОЗДАРЫ ФЕРҒАНА ГРАН-ПРИІНДЕ СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Бүгін Өзбекстанның Ферғана қаласында тас жолдағы велоспорттан Гран-при жарысы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

​Бірінші кезеңнің (91 км) қорытындысы бойынша Елизавета Склярова мәреге екінші (2:27.35 секунд), ал Ангелина Буренкова үшінші (2:27.35 секунд) болып келді.

​Ал 2-кезеңде (91 км) Рината Сұлтанова қарсыластарынан оза шауып, мәре сызығын бірінші болып қиды (2:22.40 секунд).

Жалпы есепте Рината 2-орынды иеленді. Алтын мен қола жүлде Қытай спортшыларының еншісінде.

​Айта кетейік, аталған додаға 6 мемлекеттен 50-ден астам велошабандоз қатысты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес