21.07.2026 | 20:09
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН ЖҮЗУШІЛЕРІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН 16 МЕДАЛЬМЕН АЯҚТАДЫ
Жүзуден Таиландтың Бангкок қаласында өткен жас санатындағы Азия чемпионатының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың соңғы күнінде Анатолий Руденконың құрметіне Қазақстанның әнұраны шырқалды. Ол 50 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ Александр Мироничев 50 метрге еркін стильде жүзуден күміс жүлдеге ие болса, Данил Чужинов 400 метрге кешенді жүзуде қола медаль еншіледі. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы өте жоғары бәсекеде өткен аралас эстафетада (микст) күміс жүлдені жеңіп алды.
Жалпы, Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатын 16 медальмен аяқтады. Оның ішінде 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлде бар.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: