
06.06.2025 | 19:46
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР КОМАНДАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК ҮШТІКТІ ТҮЙІНДЕДІ
Спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін жасөспірімдер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.
Жасөспірімдер арасындағы нәтиже:
1. Жапония құрамасы (237.595 балл)
2. Оңтүстік Корея құрамасы (229.360 балл)
3. Қазақстан құрамасы (228.728 балл)
4. Иран (224.196 балл)
5. Өзбекстан (215.259 балл)
Ұлттық құрама сапында Нұртаң Ыдырысов, Роман Хегай, Досжан Өмірсерік, Роман Мамедов, Андрей Терман, Артем Ковалев, Владислав Бабушкин бар.
Былтыр Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен сары құрлық чемпионатында жасөспірімдер Қытай мен Жапониядан кейін 3-орыннан көрінген.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

