18.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстандық балуандар Әлем чемпионатынан 3 медальмен оралды
Бүгін Себрия астанасы Белградта күрестен XVII Әлем чемпионаты аяқталды. Күрестің әр түрі бойынша (грек-рим, еркін және әйелдер) 10 салмақта үздіктер анықталды. Қазақстан құрамасы 3 жүлде – 1 күміс пен 2 қолаға қол жеткізіп, жалпы есепте Мажарстанмен 16-орынды бөлісті.
Чемпионатты алғаш болып бастаған грек-рим күресі шеберлерінің еншісінде бір қола бар. 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айдос Сұлтанғали мажарстандық Кристиан Кичкеметиді ұтты.
Әйелдер күресінде 72 келіге дейінгі салмақтың көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова финалда америкалық Амит Элорға есе жіберді. Биыл отандасымыз 2-рет қатарынан әлем чемпионатының ақтық сынына шығып отыр. Ол әйелдер күресінде осыған дейін екі күміс жеңіп алған Елена Шалыгинамен теңесті.
Жаһандық доданы қорытындылаған еркін күрес өкілдері де қоржынымызды бір жүлдемен толықтырды. Биыл Моңғолияда Азия чемпионы атанған Азамат Дәулетбеков қола медаль үшін белдесуде Пуэрто-Рико балуаны Итан Эдриан Рамосты мерзімінен бұрын ұтты.
Айта кетейік, былтыр Норвегия астанасы Ослодағы бәсекеде Қазақстан бір күміс, 1 қола медаль еншілеген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАРИХИ СӘТ! НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ
ТАРИХИ СӘТ! РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ