03.11.2022 | invalid

Қазақстандық боксшылар Кёльндегі турнирде бақ сынап жатыр

Қазір Германияның Кёльн қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр. Әлем Кубогы деген атау алып, биыл 4-мәрте ұйымдастырылған бәсекеге Қазақстан, Аустрия, Аустралия, Бельгия, Германия, Куба, Моңғолия, Франция, Украина, Дания мен Микронезия былғары қолғап шеберлері жиналды (90 еркек, 37 әйел).

Әр құрама бірнеше тәжірибелі боксшымен қатар жастарға да мүмкіндік беруді жөн көріпті. Қазақстан құрамасының тізімі:

Ерлер – Оразбек Асылқұлов (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Армат Арманұлы (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг), Сабырғал Аманат (+92 кг);

Әйелдер – Анель Сақыш (54 кг), Балауса Мұздиман (54 кг), Сания Сұлтанқызы (57 кг), Айдана Забынбекова (60 кг), Наталья Богданова (66 кг), Надежда Рябец (66 кг);

Айта кетейік, турнир чемпиондары мен жүлдегерлері 5 қарашада анықталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес