17.11.2025 | 19:06

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГАНДБОЛШЫЛАР ӘЗІРБАЙЖАНДЫ ЖЕҢІП, ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Ар-Риядтағы Ислам Ынтымақтастығының VI ойындарында қол добынан әйелдер арасындағы топтық кезең матчтары аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Екінші ойында Қазақстан Әзірбайжанмен кездесіп, 34:31 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, біздің гандболшылар топтық кезеңді 1-орында аяқтады.

Енді 19 қарашада біздің қыздар жартылай финалда Иранмен кездеседі. Екінші жартылай финалда Түркия мен Өзбекстан командалары сынға түседі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес