28.04.2023 | 08:48
Бөлісу:
Қазақстандық каратэшілер Испанияда 2 медаль жеңіп алды
Испанияның Ла-Корунья қаласында WKF каратэден 21 жасқа дейінгі татами шеберлері арасындағы 1-лигасына кіретін халықаралық турнир өтіп жатыр. Мұнда барлығы 72 елден 2627 спортшы жиналды. Бұл қатарда Қазақстан құрамасының 19 каратэшісі бар.
Жарыстың алғашқы күні 8 елдің атлетіне бас жүлде бұйырды. Соның арасында Қазақстан да бар. Кумитеде 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жоламан Биғабыл чемпион атанды. Ал 68 келіде Нұрия Тізімбай қола жүлдеге ие болды. Қос жүлдегер де Ұлттық құрама сапындағы спортшы.
Қазір жалпы есепте Украина құрамасы көш бастап тұр. Олардың еншісінде 5 алтын түсті. Жарыс 30 сәуірде мәресіне жетеді.
Анықтама:
Ла-Коруньядағы турнир Karate 1-ден А лигасындағы биылғы 2-бәсеке. Алғашқысы ақпанда Фуджейрада ( БАӘ ) болған. Келесі турнирлерді Пореч (Хорватия), Мерида (Мексика) мен Венеция (Италия) қабылдайды. Жалпы каратэ 1-ден жастар лигасы кейін Karate 1-Premier League, Karate 1-Series A-ға жолдама алуға мүмкіндік беретін сайыс.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: