23.01.2023 | invalid
Бөлісу:
Қазақстандық хоккейшілер Универсиаданың қола жүлдегері атанды
Санаулы сәттер бұрын хоккейден Қазақстан құрамасы Жапонияны 8-1 есебімен сенімді жеңіп, Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан ХХХІ қысқы Универсиаданың қола жүлдесіне ие болды.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен оныншы медаль. Оның үшеуі алтын, төртеуі күміс, үшеуі қола.
Есепті 7-минутта отандасымыз Максим Мухаметов ашты. Кейін ол 25-ші және 48-минутта да шайба салып, хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ Саян Данияр (23-минут), Әлихан Өмірбеков (26-минут), Батырлан Мұратов (39-минут), Әли Қасенов (43-минут) пен Данил Бутенко (50-минут) қарсылас қақпашысын қапы қалдырды. Жапонияның жалғыз шайбасын Юто Гондаира (40-минут) салды.
Универсиада кезіндегі Ұлттық құрамада ең көп ұпай жинаған Максим Мухаметов 15 ұпай (6+9);
Үздік сұрмергендер - Батырлан Мұратов пен Максим Мухаметов - 6 шайбадан салды;
Үздік ассистент - Максим Мухаметов - 9 ассист:
Айта кетейік, В тобында ел құрамасы Оңтүстік Кореяны 5-1, Венгрияны 9-1, Ұлыбританияны 15-1, Словакияны 4-0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1-4 есебімен есе жіберген. Ал жартылай финалда Канадаға 1-4 есебімен жол берді.
Жалпы шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы студенттер Олимпиадасына тоғыз мәрте қатысқан. Сонау 1995 жылы Испанияның Хака қаласында чемпион ретінде тұғырға көтерілсе, 1993, 2013, 2015, 2017 жылы күміс, 2007 жылы қола медаль жеңіп алған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ: ОЛИМПИАДАҒА БІР ҚАДАМ ҚАЛДЫ
ХОККЕЙДЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ОЛИМПИАДАҒА ІРІКТЕУДІ СӘТТІ БАСТАДЫ