10.04.2024 | 00:36

Қазақстандық ракетка шеберлері Германиядағы турнирде бақ сынап жатыр

Германияның Дюссельдорф қаласында үстел теннисінен «WTT Feeder» халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін отандастарымыз іріктеу кезеңінде келесі нәтижелерді көрсетті:

Жекелей сын:

Дастан Кенжеғұлов – Ромен Руис 1:3

Сарвиноз Миркадирова – Аннаня Басак 3:1

Сарвиноз Миркадирова – Джи Ынче 1:3

Анастасия Лаврова – Лам Йи Лок 0:3.

Аралас жұптық сын:

Дастан Кенжеғұлов/Вивьен Шольц – Манлайджаргал/Уфганбургед 3:0

Дастан Кенжеғұлов/Вивьен Шольц – Флориан Бурасо/Леана Хочарт 0:3

Андрей Путинтика/Анастасия Лаврова – Чан Сонгиль/Юн Хёбин 0:3

Санжар Жұбанов/Әнел Бақыт – Джо Ёкотани/Сакура Ёкой 1:3

Бұл турнир 12 сәуірде аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес