22.07.2026 | 19:16

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СЕМСЕРЛЕСУШІ АРУЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 1/32 КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Қытайдың Гонконг қаласында семсерлесуден әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Турнирдің алғашқы күнінде әйелдер сапы және ерлер найза сайыстарында іріктеу кезеңдерінде сынға түсті. Әйелдер арасындағы жекелей сайыста Ирина Бакалдина мен София Николайчук 1/32 финалға жолдама алды.

2026 жылғы Азия чемпионы Ирина Бакалдина топтық кезеңдегі барлық қарсыласын сенімді жеңіп, бірден 1/32 финалға шықты. Ал София Николайчук негізгі жарыс кестесіне (1/64 финал) шығу үшін Сингапур өкілі Ануар Норды 15:6 есебімен жеңіп, кейін 1/32 финал жолдамасы үшін жарыс қожайыны Вэй Лин Чанды тізе бүктірді.

Айта кетейік, Гонконгтағы семсерлесуден әлем чемпионатына 114 елден 1451 спортшы қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының 22 өкілі бар. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес