30.05.2022 | invalid

Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open-де сәтті өнер көрсетті

Австрияның Инсбрук қаласында таеквондодан халықаралық Austrian Open турнирі аяқталды. Жарыстың алғашқы күні даянгқа жасөспірімдер мен жастар шығып, ауыз толтырып айтарлық нәтиже көрсетті. Отандастарымыз 28 медальге – 11 алтын, 11 күміс және 6 қолаға қол жеткізді. Атап айтсақ, Мырзағали Суранов баптайтын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 20 медальмен (7 алтын, 8 күміс пен 5 қола) көш бастаса, жастар құрамамыз 8 жүлде алды (4 алтын, 3 күміс пен 1 қола).

Осыдан кейін Батырбек Еставлетов баптайтын ересектер де жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді. Олардың еншісінде 2 алтын, 1 күміс пен 4 қола медаль бар. Рита Бакишева (46 кг) мен 58 келіде Жасур Исраиловке тең келер қарсылас табылмады. Ал 63 келіде өнер көрсететін Әділет Базарбаев екінші орынға тұрақтады. Елжан Елшібай (58 кг), Сапарғали Әбдірашев (63 кг), Рахым Әділханов (80 кг) пен Руслан Жапаров (+87 кг) қола медаль иегері.

Austrian Open G2 турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Жасөспірімдер:

І орын:

Ярина Пуганцова (29 кг), Нұрай Амангелді (37 кг), Нұрперзент Саматұлы (33 кг), Тасқын Теміржан (41 кг), Дастан Нәжімханов (49 кг), Дарын Зайнеш (53 кг), Әміржан Иманбаев (+65 кг)

ІІ орын:

Зейнеп Азаматқызы (29 кг), Ақбота Желеу (41 кг), Нұрайым Жұмабек (44 кг), Мирислам Мырзакаримов (33 кг), Мақсат Төлегенов (41 кг), Бекет Болатұлы (45 кг), Медет Елемесов (53 кг), Әмірхан Мұстафин (57 кг)

ІІІ орын:

Адема Байзақова (47 кг), Ольга Власюк (+59 кг), Артур Пак (61 кг), Абылайхан Өтебалиев (61 кг), Әли Дабисов (65 кг).

Жастар.

І орын:

Акрамат Долгиев (48 кг), Тамирлан Тілеулес (51 кг), Батырхан Төлеуғали (68 кг), Әлібек Нұрғазы (45 кг),

ІІ орын:

Жовохир Исломов (55 кг), Рамина Әшірова (44 кг), Бектөре Оралханов (45 кг),

ІІІ орын:

Әділ Тілеуғабыл (63 кг)

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес