02.04.2023 | 22:30

Қазақстандық таеквондошылар Аустриядағы турнирде 15 медаль жеңіп алды

Аустрияның Инсбрук қаласында таеквондодан G1 санатындағы Austrian Open халықаралық турнирі мәресі жетті. Бұл сында Ұлттық құрама 5 алтын, 5 күміс, 5 қола медальге қол жеткізді.

Чемпиондар – Жавохирхон Исламов (54 кг), Бауыржан Хасенов (+87 кг), Рита Бакишева (46 кг), Ботагөз Қапанова (49 кг), Азиза Караджанова (53 кг);

Күміс жүлдегерлер – Темірлан Тілеулес (54 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Эльдар Бірімбай (68 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг), Нұрлан Мырзабаев (80 кг);

Қола жүлдегерлер – Ерасыл Нұрхан, Самат Темірхан (54 кг), Бегжан Нүснәлім (74 кг), Айдана Құмартаева (46 кг), Нодира Ахмедова (49 кг):

Айта кетейік, таеквондода рейтингі ең жоғары бәсеке Олимпия ойындары (G20) саналады. Одан кейін әлем чемпионаты (G14), Гран-придің финалы (G10) мен Гран-при санатындағы жарыстар (G6). Ал GP Challenge және World Military Champions саатындағы бәсекелердің рейтингі төмен (G1).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес