30.05.2025 | 15:57

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ ЕКІ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Нора Джеруто 9:10.46 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшымыз Дейзи Джепкемей (9:12.46)  қолаға қол жеткізді. Күміс Үндістан өкілі Парул Чаудхариға  (9:12.46) бұйырды.

Аталмыш сары құрлық бәсекесіне 39 елден 567 атлет бақ сынап жатыр.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес