20.08.2023 | 15:17
Бөлісу:
Қазақстандықтар тапаншамен нысана көздеуден финалға шыға алмады
Бүгін Бакуде нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында әйелдер арасында әйелдер 25 метрден тапаншамен оқ атуда үздіктерді анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бақ сынаған Ұлттық құраманың 3 мергені де іріктеуден ары аса алмады. Ең жоғарғы нәтижені Ольга Аксенова көрсетті. Ол 575 ұпаймен 48-орын алды. Ал Ирина Юнусметова (572 балл) 63-ші, Сәуле Әлімбек (555 балл) 97-сатыға тұрақтады.
Бұл жаттығуда барлығы 105 спортшы шеберлік байқасты. Финалға шыққан 8 мықты қазір жүлде үшін таласып жатыр. Олардың тізімі мына жерде. Айта кетейік, Барлық финалды Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ