15.02.2025 | 20:06

ҚАЗАҚСТАНҒА UWW ПРЕЗИДЕНТІ НЕНАД ЛАЛОВИЧ КЕЛДІ

Қазақстанға ресми сапармен Халықаралық күрес федерациясының (UWW) президенті Ненад Лалович келді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қарсы алды.

Ненад Лалович елімізге сапары барысында елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенін, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысымен кездеседі.

Н.Лаловичтің Қазақстанға келуі отандық күрес спорты үшін аса маңызды оқиға. Қазіргі таңда қазақстандық палуандар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес