25.06.2026 | 21:01
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН НАГОЯДА ӨТЕТІН ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Қытайдың Цзуньи қаласында спорттық гимнастикадан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Командалық көпсайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 142,061 ұпай жинап, 9-орынға тұрақтады. Осы нәтиженің арқасында ұлттық құрама 2026 жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысуға жолдама иеленді.
Командалық көпсайыстағы үздік үштік:
Қытай – 168,498 ұпай;
Жапония – 163,496 ұпай;
Корея Республикасы – 156,563 ұпай.
Қазақстан құрамасының сапында Дарья Ясинская, Эвелина Ежова, Амели Нукушева, Амина Халимарден және Радмила Тарасова өнер көрсетті.
Цзуньи қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 28 маусымда мәресіне жетеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық