19.09.2022 | invalid

Қазақстанның қос құрамасы бессайыстан Азия чемпионатында үздік үштікті түйіндеді

Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» олимпиада даярлығы орталығында бессайыстан сары құрлық чемпионаты өтіп жатыр.

Темірлан Абдраимов, Павел Ильяшенко, Георгий Борода-Дудочкин өнер көрсететін Қазақстан ерлер құрамасы командалық есепте Қытай (4511 ұпай) мен Оңтүстік Кореядан кейін (4451 ұпай) 3-орын алды. Олар 4276 балл жинады. Ал жекелей сында Павел Ильяшенко 6-шы (1468 балл), Темірлан Абдраимов 11-ші (1419 балл), Георгий Борода-Дудочкин 13-орынға (1389 балл) табан тіреді.

Қазақстан әйелдер құрамасы да Оңтүстік Корея мен Қытайдан кейінгі сатыға жайғасып, қола жүлдегер атанды. Елена Потапенко, Людмила Яковлева мен Кристина Рябова 5 спорт түрінде 3803 ұпайға қол жеткізді. Жекелей сында Елена Потапенко 6-шы (1346 балл), Людмила Яковлева 11-ші (1302 балл), Кристина Рябова 14-ші (1155 балл) сатыдан көрінді.

Айта кетейік, аты айтып тұрғандай бессайыста бес спорт түрінен сайысып, ұпай жинайды. Әуелі атлеттер семсерлеседі. Сосын еркін әдіспен 200 метрге суда жүзеді, атқа мініп, 12 кедергіден тұтатын конкур жарысына қатысады. Соңында нысана көздеп, 800 метрге жүгіреді.

Азия чемпионаты 26 қыркүйекте аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес