
26.04.2025 | 21:33
Бөлісу:
ҚАЗІРГІ БЕССАЙЫСТАН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
Көкшетау қаласында қазіргі бессайыстан Қазақстан Республикасының VI жастар спорт ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Байрақты бәсекеде 15, 17, 19 жастағы спортшылар бір апта бойы 3 бөлім бойынша (семсерлесу, лазер-ран, жүзуден) күш сынасты. Жарысқа Ақмола, Жамбыл, Атырау, Қарағанды облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан 150-ден астам қатысушы жиналды.
Медаль саны бойынша жалпыкомандалық есепте Алматы қаласы (15 алтын, 11 күміс, 4 қола) топ жарса, Жамбыл (10 алтын, 6 күміс, 9 қола) мен Ақмола облысының (2 алтын, 9 күміс, 8 қола) өрендері екінші және үшінші орындарды иеленді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: