13.04.2023 | 16:00

ҚР VI жазғы Спартакиадасы: Қылыштасудан командалық сайыс аяқталды

Алматы қаласында семсерлесуден өтіп жатқан ҚР VI Жазғы Спартакиадасының төртінші жарыс күнінде қылыштасудан командалық бәсекелердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. 6 команда (Алматы, Шымкент, Астана, ШҚО, Қарағанды облысы, Алматы облысы) қатысқан жарыста ерлер арасында Шымкент қаласының құрамасы жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Алматы қаласының командасы топ жарды.

Ерлер:

1 орын – Шымкент қ. (Мұхамедәлі Рахмәналі, Бақдәулет Құралбекұлы, Тәлеби Қалдыбекұлы, Артур Чупраков)

2 орын – Алматы қ. (Дамир Ибрагимов, Мади Сержан, Бексұлтан Әбжал, Жанат Набиев)

3 орын – Қарағанды облысы (Ермек Құралов, Ерқанат Құралов, Санжар Зейнуллин, Ілияс Нариман)

3 орын – Алматы облысы (Сұлтан Асылбеков, Сергей Аниськов, Бекасыл Тілеубек, Владимир Сидоров)

Әйелдер:

1 орын – Алматы қ. (Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Қайша Жаныбек, Наргиз Сайдуллаева)

2 орын – Қарағанды облысы (Анастасия Гулик, София Спичева, Жасмин Капыджы, Кристина Макарова)

3 орын – Шымкент қ. (Адема Серікбай, Алтын Ерланқызы, Назерке Қошқарова, Алина Оспанова)

3  орын – Алматы облысы (Полина Ко, Юля Савицкая, Диана Белова, Мария Почекутова)

Енді 14-15 сәуірде семсерлесуден жекелей-командалық бәсекелер өтеді. Спартакиада қорытындысы бойынша семсерлесудің 3 түрі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес