
26.12.2023 | 18:56
Бөлісу:
Рапидтен 2 турдан кейін Меруерт Камалиденова көш бастаса, Алдияр Аңсат 2-орынға шықты
Өзбекстанның Самарқан қаласында шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін рапидтен 4 тур өтеді. Санаулы сәттер бұрын ерлер арасындағы алғашқы жүрісті Өзбекстан шахмат федерациясының президенті Алишер Садуллаев, ал әйелдер ойынындағы алғашқы жүрісті Халықаралық шахмат федерациясының президенті (FIDE) Аркадий Дворкович жасады.
Қазір гроссмейстерлері 2-турды аяқтап, үшіншісін ойнап жатыр. Әйелдер арасында екі кездесуде жеңіске жеткен Меруерт Камалиденова 1-орынға жайғасты.
Әйелдер, 1-айналым нәтижесі:
Мария Якимова (ақ тастар) 0-1 Бибісара Асаубаева
Әмина Қайырбекова (ақ тастар) 1-0 Нино Бациашвили (Грузия)
Әсел Серікбай (ақ тастар) 0-1 Ставрула Цолакиду (Грекия)
Зарина Нұрғалиева (ақ тастар) 1-0 Даваэдемберел Номинант-Эрдэнэ (Моңғолия)
Елназ Қалиахмет (ақ тастар) 0-1 Турмунх Мункзул (Моңғолия)
Айару Алтынбек (ақ тастар) 0-1 Полин Гишар ()
Харика Дронавали (Үндістан, ақ тастар) 1-0 Алуа Нұрманова
Дивья Дешмух (Үндістан, ақ тастар) 0-1 Меруерт Камалиденова
Ксения Балабаева (ақ тастар) ½ - ½ Чен Чжу (Қытай)
Шицюнь Ни (Қытай, ақ тастар) 0-1 Назерке Нұрғали
Теодора Иньяк (Сербия, ақ тастар) 1-0 Лия Құрманғалиева
Әйелдер, 2-тур:
Бибісара Асаубаева ½ - ½ Дарья Войт (ФИДЕ)
Антоанета Стефанова (Болгария, ақ тастар) 0-1 Меруерт Камалиденова
Умида Омонова (Өзбекстан, ақ тастар) 1-0 Әмина Қайырбекова
Назерке Нұрғали (ақ тастар) ½ - ½ Теодора Иньяк (Сербия)
Лея Гарифуллина (ФИДЕ) 1-0 Зарина Нұрғалиева
Ксения Балабаева ½ - ½ Александра Горячкина (ФИДЕ)
Сарасадат Академальшариех (Үндістан) 1-0 Әсел Серікбай
Лия Құрманғалиева (ақ тастар) 0-1 Динара Вагнер (Германия)
Алуа Нұрманова (ақ тастар) 1-0 Елназ Қалиахмет
Нилуфар Якуббаева (Өзбекстан, ақ тастар) 1-0 Айару Алтынбек
Ерлер:
Алдияр Аңсат алғашқы ойында Дэвид Паравянды (ФИДЕ), сосын Шант Саргсянды (Армения) жеңіп, 2-сатыда келе жатыр. Тағы бір қазақ шахматшысы Арыстан Исанжулов 2 ұпаймен үздіктер қатарында. Ернұр Амангелді бір кездесуде қарсыластан басым түсіп, тағы біреуінде тең тарқасты. Қазыбек Нөгербек, Арыстанбек Уразаев, Даниял Сапенов, Денис Махнев, Жандос Агманов, Данис Қуандықұлында әзірге 1 ұпайдан бар.
Мұнда қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен 1,5 ұпай жинап, 60-орында тұр.
Әлем чемпионаты жайлы барлық ақпаратты төмендегі сілтемелер арқылы ала аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗЫБЕК НӨГЕРБЕК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ


ШАХМАТШЫ КСЕНИЯ БАЛАБАЕВА ИСПАНИЯДАҒЫ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ