11.04.2023 | 19:50

Рапирамен семсерлесуден командалық сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Алматыдағы Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде семсерлесуден ҚР VI Жазғы Спартакиадасы өтіп жатыр. Бүгін «рапира» бойынша командалық бәсекелер аяқталды. Жарысқа 8 аймақтың (Астана, Алматы, Шымкент, ШҚО, СҚО, Алматы облысы, Абай облысы, Карағанды облысы) өкілдері қатысты. Нәтижесінде ерлер мен әйелдер арасында Алматы қаласының спортшылары топ жарды.  

Ерлер:

1 орын – Алматы қ. (Галим Нұрұмов, Тимофей Семенов, Дмитрий Кулаков, Давид Алдошин)

2 орын – Абай облысы (Тамирлан Қалиев, Ниязбек Сафинов, Николай Мячиков, Владислав Липатов)

3 орын – Шымкент қ. (Ерлік Сертай, Илхамжан Анаркулов, Юрий Бидарев, Нұрмұхамед Балтабай)

3 орын – ШҚО (Никита Пономарев, Ярослав Безродный, Ринат Баязитов, Алексей Пеньков)

Әйелдер:

1 орын – Алматы қ. (София Ақтаева, Камила Бекболат, Ксения Щрубянец, Надежда Шустова)

2 орын – Абай облысы (Күлжан Түсүпбекова, Аяулы Өтеуленова, Полина Долгополова, Анастасия Гончарова)

3 орын – ШҚО (Алина Искандерова, Алена Гноева, Елизавета Кырысанова, Адия Құсман)

3  орын – СҚО (Мадина Нұрмұқанова, Даяна Саржанова, Аида Құсан, Аружан Есенболат)

12-13 сәуір күндері қылыштасудан жекелей және командалық сайыстар өтсе, 14-15 сәуірде семсерлесуден жекелей-командалық бәсекелер жоспарланған. Спартакиада қорытындысы бойынша семсерлесудің 3 түрі бойынша Қазақстан ұлттық құрамалары жасақталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес