04.09.2024 | 11:42

РЕГБИ 7-ДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ СЕРИЯСЫН БАСТАЙДЫ

Регбиден еліміздің әйелдер командасы 7-8 қыркүйек аралығында Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) өтетін Asian Rugby Sevens Series халықаралық турнирінің 1-турына аттанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарысқа қатысатын өзге құрамалар – Жапония, Қытай, Таиланд, Гонконг (ҚХР), Сингапур, БАӘ, Малайзия.

Ұлттық құрама С тобында Жапония (былтырғы жеңімпаз), Таиланд, БАӘ-нің регбишілерімен ойнайды.

Ал плей-офф матчтары 8 қыркүйекте өтеді. Айта кетейік, жарыс барлығы 3 турға созылады. Қалған кезеңді Қытайдың Ханчжоу қаласы мен Таиландтың Бангкок қаласы қабылдайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес