24.10.2024 | 20:29

РИЗАБЕК АЙТМҰХАН БАСТАҒАН ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ҚАРСЫЛАСЫ КІМ?

Бүгін 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Назарыңызға Ұлттық құрама спортшыларының алғашқы қарсыласын ұсынамыз:

57 кг, 1/8 айналым:

Алан Оралбек – Лука Гвинджилия (Грузия)

61 кг, 1/8 айналым:

Әділет Әлмұхамедов – Ибраһим Махди Хари (Иран)/Симоне Винченцо Пироду (Италия)

65 кг, іріктеу:

Бекзат Ермекбай – Хамзат Арсамерзоев (Франция)

70 кг, іріктеу:

Ернұр Нұрғазы – Үміт Ердоған (Түркия)

74 кг, 1/8 айналым:

Мұрат Жақыпов – Митчелл Мезенбринк (АҚШ)

79 кг, 1/8 айналым:

Жеңіс Қаныбеков – Отари Адеишвили (Грузия)/Радомир Николаев Стоянов (Болгария)

86 кг, іріктеу:

Нұржан Исағалиев – Аарон Айзеров (Израиль)

92 кг, іріктеу:

Бекзат Аманғалиев – Мұса Арсункаев (Мажарстан)

97 кг, 1/8 айналым:

Ризабек Айтмұхан – Каллум Уильям Нок (Канада)

125 кг, 1/8 кезең:

Омархан Нәдіров – Ален Хубулов (Болгария)

Ертең бозкілемге 61, 74, 86, 92, 125 кг салмақтағы палуандар шығады. Іріктеу белдесулері Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес