08.09.2024 | 14:04

РИЗАБЕК АЙТМҰХАН: «ЕНДІГІ МАҚСАТЫМ - ҚАЗАНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРУ»

Кеше Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Ұлттық құрама спортшысы Ризабек Айтмұхан алдағы жоспары жайлы айтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Еркін күрестен палуанымыз 97 кг дейінгі салмақта 4 белдесуде қарсыласынан басым түсті.

«Испаниядағы әлем чемпионатына даярлығымыз бапкерлердің жоспарына сай, еш өзгеріссіз, жақсы өтті. Нәтижесін кешегі жарыс күнінде көрсеттім деп ойлаймын. Десе де, алда арқаны кеңге салатын уақыт жоқ. Аз-кем демалыстан соң келесі жарысқа дайындықты бастаймыз. Қазан айының аяғында Албанияда 23 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионаты тұр. Мақсатым – сол бәсекеде лайықты күресіп, жеңіске жету»,-деді Ризабек Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Ризабек Айтмұхан – жастар және ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан тұңғыш қазақ палуаны.

Айта кетейік, 21-27 қазан аралығында Албания астанасы Тиранада 23 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионаты өтеді.

Фото: UWW.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес