21.11.2025 | 14:23
Бөлісу:
РИЗАБЕК АЙТМҰХАН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІН АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ҰТТЫ
Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан 6-шы Ислам Ынтымақтастығы ойындарында еркін күрестен 2-жарыс күні жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.
Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан -97 кг салмақтың ширек финалында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Магомедхан Магомедовпен (Әзірбайжан) кездесіп, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп: 12:2.
Енді отандасымыз біраздан соң Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудиновпен (Бахрейн) күш сынасады. Ризабек бүгін алғашқы белдесуінде Мысыр өкілінен басым түскен.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АЗАМАТ ДӘУЛЕТБЕКОВ БІШКЕКТЕГІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
ЕДІГЕ ҚАСЫМБЕК ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ