06.02.2023 | 14:00

Road to Paris: отандық садақ ату спортына үміт зор

Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов садақ атудан Ұлттық құрама өкілдерін қабылдады. Делегация құрамында бас жаттықтырушы Артём Кичкин, Федерацияның бас хатшысы Айнұр Тыртықаева, Оңтүстік Кореядан келген жаттықтырушы-кеңесші Ким Джэчен және өзге де қызметкерлер болды.

Жиын барысында спорттың осы түрін дамыту мәселелері, оның проблемалары мен шешу жолдары талқыланды. Мәселен, біздің кеңесшіміздің айтуынша, еліміздегі садақ ату спортының болашағы зор. Команданың тәжірибесі, резерві бар. Тек спортық базалардың жеткіліксіздігі ғана, бұдан да қарқынды дамуға әсер етіп отыр.

«Қазір ең басты мақсат – Олимпиада ойындарына лицензия алу. Сондықтан, Қытайдағы Азия ойындарында және басқа да лицензиялық турнирлерде лайықты өнер көрсету үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет. Ханчжоу ойындарында қойылатын жоспар – күміс және қола медаль иелену. Бұл міндетту орындау керек. Ким мырза семинарлар өткізіп, команда бір жүйемен және күнтізбелік жоспар бойынша жұмыс істегені дұрыс. Біздің жаттықтырушылар осындай керемет мүмкіндікті пайдаланып, арнайы шақырылған кеңесшімен тығыз жұмыс істеп, тәжірибе алуы керек», - деді өз сөзінде Оралбай Ергенұлы.

Қазіргі ұлттық құрама штатында 24 спортшы бар. Алда отандық садақшыларды Әлем Кубогі, Азия және Әлем чемпионаттары, Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындары күтіп тұр.      

Анықтама:

Ким Джэчен 1970 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда дүниеге келген. Кезінде паралимпиадалық құраманың жаттықтырушысы болған (2008 жылы Бейжіңде Паралимпиадасында 2 алтын және 1 күміс иеленген), Колумбия ұлттық құрамасын басқарған. Осы спорт түрінен әлемдегі үздік елдердің бірі – Оңтүстік Кореяның мықты жаттықтырушыларының қатарында. Ағылшын және испан тілдерінде еркін сөйлейді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес