08.06.2025 | 14:05

РОМАН ХЕГАЙ МЕН НҰРТАҢ ЫДЫРЫСОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНҒА АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС МЕДАЛЬ СЫЙЛАДЫ

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін жасөспірімдер арасында сынға түскен отандасымыз Роман Хегай жеңімпаз атанса, Нұртаң Ыдырысов күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Тұтқалы ат снарядының финалында Роман төрешілерден 13.800, ал Нұртаң 12.866 ұпай алды. Үздік үштікті жапон спортшысы Харутоши Очаи түйіндеді (12.666 балл). 

Айта кетейік, осыған дейін Ыдырысов еркін жаттығудың финалында өнер көрсетіп, 8-сатыға (11.000 балл) табан тіреген.

Жекелей сындағы финалдар әлі жалғасып жатыр.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес