06.06.2023 | 17:01

Садақ асынған мергендер Щучинскте сынға түсіп жатыр

Бүгін Щучинск қаласында садақ атудан Қазақстан Республикасы VI жазғы Спартакиадасының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Бəсекеде 9 өңірден келген 121 садақ атушы бақ сынайды. Олар классикалық және құралмалы садақ түрінен өнер көрсетеді. «Жақсы» спорт базасындағы жарыс 11 маусымда аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес