05.10.2025 | 17:26

САДАҚ АТУ: АНАСТАСИЯ СОЛОДОВНИКОВА – III ТМД ЕЛДЕРІ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Әзірбайжанның Ханкенді қаласында өткен садақ атудан III ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Біздің жүлдегерлер:

Классикалық садақ ату – Анастасия Солодовникова финалда Мария Тараярованы (Ресей) 6:4 есебімен жеңді

Классикалық садақ ату – Қазақстан құрамасы (Райымбек Майқыбаев, Анастасия Солодовникова) финалда Беларусь командасына есе жіберді (4-5).

Классикалық садақ ату – Қазақстан ерлер құрамасы (Райымбек Майқыбаев, Әлихан Тұяқ, Рахымжан Қамар) финалда Ресей командасынан жеңілді (3-5).

Райымбек Майқыбаев жекелей сында қола жүлдеге таласта ресейлік спортшыға жол беріп, 4-сатыға жайғасты. Айта кетейік, спорттың бұл түрінен Қазақстан командасы сапында барлығы 6 мерген - Томирис Әбдірашит, Аружан Яхина, Анастасия Солодовникова, Рахымжан Қамар, Райымбек Майқыбаев, Әлихан Тұяқ келіп, сынға түсті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес