25.07.2024 | 20:18

САДАҚ АТУ: БІЗДІҢ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Париж Олимпиадасында садақ атудан іріктеуден кейін плей-офф кезеңінде бір-бірімен сынға түсетін спортшылар анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Команда көшбасшысы Ильфат Абдуллин рейтингтік кезеңде 29-орынға тұрақтап, 36-сатыға табан тіреген канадалық Эрик Питерске қарсылас атанды.

Ал Дәулеткелді Жаңбырбай (22-орын) колумбиялық Хорхе Энрикеспен (43),  Александр Еременко (59) француз Батис Аддиспен сайысқа түседі.

Айта кетейік, 1/32 айналым 30 шілдеде өтеді. Ал командалық сайыста Қазақстан 1/8 финалда Италиямен 29 шілдеде кім мықтыны анықтайды. Осы жұптың жеңгені жарыс қожайыны Францияға түседі.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес